• Пт. Апр 25th, 2025
Популярные метки

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Автор:admin

Апр 25, 2025
Spread the love

Шымкентте еліміздің әр өңірінен жиналған прокуратура органдарының қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық спартакиадада басқосты.
Іс-шарада Бас прокурор Берік Асыловтың арнайы құттықтауы оқылды.

«Бұл дода прокуратура жүйесінің әрбір қызметкері үшін өте маңызды. Жеңіс – халқымыздың қайтпас қайсарлығы мен бірлігінің, Отанға деген өлшеусіз сүйіспеншілігінің белгісі. Ұлы Отан соғысы жылдары ішінде фашизмді талқандауға прокуратура органдары да айтарлықтай үлес қосты. Соғыстың алғашқы жылында республика прокуратурасынан төрт жүзден астам қызметкер өз еркімен майданға аттанды. Олардың арасында Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұқанов, Садық Әбдіжаппаров Кеңес Одағының Батыры атанды. Ардагер Иван Гапич – Халық қаһарманы. Бұл жарыс – сол батырлықтың заңды жалғасы», делінген құттықтауда.

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов та құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның мән-маңызына ерекше тоқталды. Бүгінгі спартакиада – деңіске ұмтылған ерліктің, рухтың жалғасы екендігін айтқан ол, бұл шара – отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен 25 команда қатысты. Қатысушылар саны 100-ден астам, басым бөлігі – 40 жасқа дейінгі жас қызметкерлер. Жарыс түрлеріне арқан тарту, гір көтеру, эстафеталық жүгіру және басқа да спорттық ойындар енгізілді.

Сондай-ақ жарысқа жергілікті кәсіби төрешілер төрелік етіп жатыр. Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл республикалық спартакиада – спорт жарысы емес, рухани сабақтастықтың, адалдық пен патриотизмнің жарқын көрінісі болмақ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика