• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 4, 2024
Spread the love

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Бүгінде қазақ ұлттық бұйымдарын күнделікті бейнелермен ұштастыру үрдіске айналды. Кеше ғана ұлттық үлгідегі зергерлік бұйымдарды кию ескірген деп есептелсе де, оларды негізінен әжелер немесе қыздар белгілі бір іс-шараларында: той, ұзату, беташар және т.б. ұлттық киіммен ұштастыра киген.
Қазіргі уақытта ежелгі зергерлік шеберлердің дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа буын өз жұмысын заманауи стильде жасай отырып, жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
Зергерлер алтын мен күмістен әйелдер әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ әйелдерінің омырау әшекейлеріне тікбұрыш пішінді өңіржиек, доға тәрізді тұмарша немесе бойтұмар жатады. Қыздардың шаш ұшына байланатын әшекейі шолпы деп аталған.
Зергерлер бұдан басқа да шаш салпыншағын – шашбауды, сондай-ақ білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасаған.
Республика бойынша халық ең көп шоғырланған Шымкент қаласында бұл бағытты дамыту ерекше жолға қойылған. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Соның айғағы бүгін Арбат алаңында Шымкент қаласының креативті индустриясы кәсіпкерлері қатысқан жәрмеңкеде дәлел болды.
Кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустриясы мен Шымкент қаласының Креативті индустрия ассоциациясымен бірге ұйымдастырылған жәрмеңкеге қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. шеберлер қатысты.
Аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика