Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасы өтті.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Жеке құрамнан 43 қызметкер жұмылдырылып өткізілген шарада жалпы 264 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде автокөлікті мас хәлде басқарудың 3 дерегі, қарама қарсы бағытқа шығудың 1 дерегі, жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегі анықталып, сотқа тиісті шара көру үшін жолданды.
Сонымен қатар аталған шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алуда бағытында түнгі топ құрылып, аудан көлемінде профилактикалық жұмыстар жүрігізілді.