Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев төрағалығымен шомылу маусымын қорытындылау бойынша жиын өтті.
Жиын барысында коммуналдық жағажайлар ашып және азаматтарымыздың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша жасалынған рейтингіде Арыс қаласы ІІ-ші орын дипломмен марапатталды.
Жиында департамент басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, судағы оқиғалардың туындауына ықпал ететін фактілерді, себептер мен жағдайларды көрсете отырып, халыққа су айдындарындағы мінез-құлықтың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыстар нәтиже бергенін атап өтті.
Тұрғындарды суға шомылу маусымы аяқталғанмен, балық аулау және су айдындарындағы өзге де іс-шаралар кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.