Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Қылқалам шеберлері» атты қалалық сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Байқау 2 кезеңде өтті. Әр кезең бойынша қатысушылар өздерінің салған жұмыстарын қорғап, таныстырды.
Байқауда 6 қазан күні елімізде өтетін референдум мақсаты сайысқа қатысушыларға түсіндірілді.
Бұл референдум тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш атом электр стансиясының болашағын айқындайды.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Мектепке дейінгі жаста бүкіл адамзаттың дамуының негізі қаланады. Бұл баланың қоршаған өмірмен жақын танысу кезеңі. Бізді қоршаған ортада адам қолымен жасалғанның бәрі, бүкіл мәдениет әлемі – шығармашылық қиялдың нәтижесі. Бүгін қоғамға стандартты емес, әртараптандырылған тұлғалар, шығармашылық әрекетке қабілетті адамдар қажет болып тұр. Сол себептен, балабақша педагогының міндеттерінің бірі – шығармашыл, креативті, коммуникативті тұлға тәрбиелеу.
Бейнелеу өнері баланың шығармашылық және өз бетімен орындайтын әрекеті болғандықтан, әлемді танудың және эстетикалық қабылдаудың ең маңызды құралы болып табылады. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, қиялдауға тәрбиелейміз. Балалар сурет салу ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.
Шығармашылықты дамыту үшін белгілі бір жағдайлар қажет:
— қауіпсіздік пен сенім кеңістігін құру;
— баланы ерте жастан бастап шығармашылық әрекетке қосу;
— ұжымда эмоционалды жайлылық орнату;
— ұйымдастырылған оқу қызметі жалықтырмауы керек;
— нәтижеге жету үшін әртүрлі әрекеттер жасау – жаңа өнімге әкеледі;
— балаға материалдарды (құралдарды) таңдауға еркіндік беру;
— оқу қызметінің жүйелі болуы;
— қиындықтар туындаған кезде ересектерден уақтылы, бірақ мөлшерленген көмек алу;
— баланың кез-келген әрекетін ынталандыру, қолдау, сәтсіздіктер болса жанашырлық пен шыдамдылық таныту.