Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, №107/3 мекенжайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Бәйдібек аудандық ХҚК бөлімінде және Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, №71 мекен жайында орналасқан Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 04 маусым күні сағат 10.00-11.30 аралығында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Бәйдібек аудандық ХҚК бөлімінің және Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының қызметкерлері мен қызмет алушы азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына сала мамандары заң талаптарына сәйкес жауаптарын берді.
«Қызмет алушылар күні» іс шарасы барысында жалпы саны 10 азаматқа қағида талаптарына сәйкес қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер қабылданса, 20 азаматқа мемлекеттік көрсетіліп жатқан қызметтің сапасына қанағаттанбаған жағдайда шағымдану тәртібі туралы брошюра таратылды .