• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚР ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Апр 11, 2024
Spread the love

Шымкентте №50,47 жалпы білім беретін мектептерінің 10 және 11 сынып оқушылары арасында КР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясына оқуға түсу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Алматы академиясының кафедра бастығы Тлеубердиев Қанатбек және орынбасары Маймақов Айболат, Шымкент КПД Тұран АПБ
бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ешимбетов Қанатбек, тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Бейсенбаев Нұржігіт, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға аталған оқу орнындағы теория және практикалық жұмыстар бойынша дәрістер мен мысалдар келтіріліп, бейнежазбалар көрсетілді.
«Отан үшін отқа түс – күй­мейсің» деген екен Бау­ыр­жан Момышұлы. Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашы­лады. Отанды қорғау, ең алдымен, ер азаматтардың міндеті. «Қазақстан Республи­касын қорғау – оның әрбір аза­матының қасиетті парызы мен мін­деті» – деп Ата Заңда көрсе­тілген осы бір мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойы­на сіңіріп өсуі керек. Патриотизм – өз еңбегін, күш жігерін туған жері мен Отанын көркейтуге жұмсау деген ұғымды білдіреді.
Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасына қамқор болған азаматтың Отанын сүюі, қорғауы заңдылық. Сіз бен біз айтып жүрген патриоттық тәрбиенің де негізі сол Отанды қорғауда жатыр.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеу арқылы ғана Отанды қорғауға міндетті емес. Әрбір ел азаматы, әскер қатарына белгілі себептермен болсын жарамай қалған жандар да елін және жерін қорғауға міндетті. Себебі ол сол елдің тумасы, сол елдің заңды азматы ретінде бәріне дайын болу керек.
Патриот болу деген сөз өз ұлтыңды ғана сүйіп, өзгеге құрмет танытпау деген сөз емес. Ең бірінші достық қарым-қатынас, екінші сыйластық, үшінші берілген тапсырманың үдесінен шыға білу керек. Әскери адамдардың бойында болатын ең үлкен қасиеттер де осы болса керек. Сабырлық пен ақылды қатар ұстап, тәрбиені тереңнен алған азаматқа елдің болашағын сеніп тапсыруға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика