• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Автор:admin

Апр 19, 2024
Spread the love

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті қолға алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары, оның ішінде қала аумағына бейнекамералар орнату мәселелері туралы мәжіліс өтті.
Мәжіліске қала аумағынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімінің өкілі, қала әкімі аппараты және тиісті бөлім қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімі Сарыағаш қаласында қоғамдық тәртіпті қолға алу бағытында бейнекамералар орнату және сонымен қадағалау қажеттілігін және оларды орнату орындары бойынша халық қалаулыларының ұсыныстарын тыңдап, қосымша мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында, сала орынбасарына, қала және тиісті бөлім қызметкерлеріне депутаттар тарапынан қойылған ұсыныстарды назарға алып, тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика