Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оны оң шешуге ат салысуды сұрады. Халық қалаулысы азаматтарға денсаулық сақтау, тұрғын үй, жол мәселелері бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету мүмкіндігін қарастырды.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 3242 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде: 324 пәтер- арендалық бағыттағы кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға табысталмақ. Сонымен қатар 111 арендалық пәтермен тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтамасыз етіледі. Сондай ақ 888 арендалық пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілсе, 1919 пәтер жеңілдетілген несиелік бағыттағы бағдарламалар арқылы азаматтарды баспанамен қамту көзделіп отыр.
Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Қоғамдық қабылдауда қалалықтар тарапынан көпбалалы аналарға ұйымдастырылатын әлеуметтік көмек, үй кезегі, жер дауы секілді мәселелер кеңінен қозғалды. Шешімін тапқандары алғысын айтуда.
Еске салар болсақ №2 оңалту орталығынан бүгін «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылған болатын. «Қазақстан халқына», «Қамқорлық», «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық қорлары арасындағы меморандум аясында ашылған бөлімшеде неврологиялық, ортопедиялық және кардиологиялық патологиялары 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетіледі.
Мұнда нейро-ортопедиялық ауруларға, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға заманауи әдістемелерге негізделген оңалту қызметтері көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаттығу залдары және Механотерапия, Эрготерапия залдары қарастырылған.
Бөлімше оңалтуды қажет ететін балаларды тиісті ем-шаралармен қамту көрсеткішін арттыра отырып, мүгедектікті барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде халық қалаулылары қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін бақылауға алып, жауапты мекемелердің де назарына ұсынатынын жеткізді.