• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ

Автор:admin

Апр 20, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Жиынға қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, тиісті басқарма мамандары, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бастаған партияластар, кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста биылғы жылдық жоспарға сәйкес жол картасының орындалуы бойынша Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт, білім беру басқармаларының есебі тыңдалды.
Айта кетейік, партия алдағы бес жылда тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай жұмылдыруды мақсат етіп отыр. Басқарма есебі бойынша, бүгінгі таңда қала тұрғындарының қырық үш пайызы жүйелі бұқаралық спортпен шұғылданады. Көрсеткішті ұлғайту үшін спорт нысандары салынуда. Барлығы партия бақылауында.
Білім саласында да қордаланған мәселе жетерлік. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, қаладағы үш ауысымды мектептерді түбегейлі жойылып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында жиырма бес мектептің құрылысы сапасына партиялық бақылау орнатылған. Сондай ақ, күні кеше жаратылыстану-математика бағытында Республикалық олимпиадаға келген оқушылардың уланғаны, №33 орта мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан бірнеше сыныпқа сабақ бергені қоғамдық кеңес отырысында қозғалды.
Еске салар болсақ, қаңтар айында өткен Шымкент қаласы әкімдігінде Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында : 1. Мемлекеттік органның 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен нәтижесі туралы; 2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекцияның штат санын арттыру бойынша ұсынысы туралы; 3. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК жарғысын бекіту туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 4. «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 5. «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қалалық әкімдіктің қаулы жобасы; 6. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы»өзгеріс енгізіу бойынша шешімнің жобасы туралы мәселелер қаралды.Қаралған мәселелерге қатысты Шымкент қаласының Білім, Құрылыс, Дін істері, Ветеринариялық инспекция, Жайлы ортаны дамыту, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшыларының есептері мен ұсыныстары тыңдалып тиісті жұмыстар жүргізілген болатын.
Білім саласынан бөлек дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмыстару мен жеткен жетістіктері де сөз болды.
Қаламыздың спорт мектептерінің түлектері қалалық, рреспубликалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орын алу мүмкіндіктеріне жағдай жасау мәселелері қаралды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика