• Вс. Апр 13th, 2025
Популярные метки

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Апр 11, 2025
Spread the love

ІV шақырылымдағы Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында негізінен 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, төралқа мүшелерін сайлау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі талқыға түсті.

Кезекті отырысқа қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жаңадан құрылған болатын. Жаңа кеңестің құрамына 29 азамат кірді. Оның ішінде, 12-і азаматтық қоғам өкілі, мәдениет, білім, медицина саласынан – 6 адам, кәсіпкерлік саласынан – 7 адам, 2 заңгер, 2 журналист тізімге енген. Жиында ІV шақырылымдағы қалалық Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағалары, төралқа мүшелері сайланып, 2025 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қала әкімінің орынбасары Қоғамдық кеңес халық пен биліктің арасындағы алтын көпір екенін атап өтіп, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі. Сәрсен Абайұлы Қоғамдық кеңесте қоғамда көтеріліп жатқан өзекті мәселелер талқыға түсуі тиіс екенін жеткізді. Жалпы айтқанда, білім, мәдениет салаларында түйткілді мәселелер талқыға салынып, осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика