Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары заң бұзушының басқаруындағы Hyundai Tucson туралы сигналды қызметтік планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы алды.
Полицейлер көлікті тоқтатып, ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.
Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қамалды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қорғау» қосымшасы полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.
2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады. Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.