• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫН АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Июн 7, 2024
Spread the love

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Қатынкөпір шағын ауданында Абай ауданы әкімі аппараты және Жергілікті полиция қазметкерлері мен бірге түнгі рейдтік іс-шара өтті.
Тұрақты рейдтік іс-шара барысында кәмелет жасына толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз түнгі уақыттардағы беймезгіл үйден тыс жерлерде жүрген 18 жасқа толмаған 9 бала анықталды. Анықталған балалардың ата–аналарын шақыртып хаттама толтырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілеріне де Еңбек кодексінде көрсетілгендей кәмелетке толмағандармен жасалған еңбек шарты талаптарын сақтауға шақырды. Іс-шараның мақсаты құқықбұзушылықтың алдын алу. Аталған бағыттағы іс-шара өз жалғасын табады.
Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Қашанда тәрбие мәселесі басты орында. Жалпы балалардың жақсы білім алып қана қоймай, қоғамға үлесі тиетін үлгілі, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін тиісті іс-шара жоспары жасалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика