Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда еріктілер қызметін жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасалуда.
«Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған орай, қала жастары — Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Saylyq”, “Qamqor” волонерлік бағыттарында қайырымдылық іс-шарасы өткізді.
Жастардың бойына мейірімділікті ту етіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету білуге жол бастап, арнайы іс-шара қйымдастырылды. Аталмыш шарада жүрегінде түгі бар жастар, шалғайда орналасқан елді-мекендегі жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеттерін үлестіріп, үй тірлігіне қолғабыс етті.
Өзіне көрсетілген ілтипаттылық пен қолдауына риза болған қарттар, жастарға ақ батасын берді.
Қайыры мол іске демеушілік жасаған, “Janin” қайырымдылық қоры.
————————————
#Жастарменбірге #ЖастарКүні #Jastarday #Деньмолодежи