• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

Автор:admin

Апр 26, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады.
Бұл аймақ тоқыма химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады.
Өндірістік пул 65 жобадан тұрады. Онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 млрд теңгеге 39 жоба іске асып, 1 984 жұмыс орны ашылған.
Өндіріс алаңына инфрақұрылым жүргізіп, жағдай жасау үшін бюджеттен 8,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде өнімдерді дамыту үшін қазір 22-ден астам инфрақұрылым нысаны салынды.
Министр аралау барысында “Оңтүстік АЭА» кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктімен де танысты.
Сонымен қатар, Мәди Тақиев мегаполиске арнайы жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен және «Бал Текстиль» ЖШС өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ халық пен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестициялық құны 130.4 миллиард теңгені құрайтын 53 жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобалар толық жүзеге асқан кезде 6 198 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Әзірге мұнда 31 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл кәсіпорындарға 53.2 миллиард теңге инвестиция тартылған және онда 2 309 адам жұмыспен қамтылған. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындар өндіретін тауарлар АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Бельгия, Италия, Корея, Хорватия, Түркия, Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Ресей сынды әлемнің 22 еліне экспортталады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика