ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері, полиция аға лейтенанттары Д.Қанатұлы, Ж.Есенгелдиевтер киелі өңірге арнайы келіп, облыс полицейлерін оқуға шақырды. Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен шарада қонақтар, Қарағанды академиясына магистратура және докторантура оқуға түсуге профоринтация жұмыстарын жүргізді.
Академия өкілдері жеке құрамға құжат тапсыру және конкурстық кезеңдерден өту бойынша кеңес берді.
Қарағанды академиясының тыныс-тіршілігі, ондағы білім беру тәсілдері, жеңілдіктерімен бейнеролик арқылы танысқан жас полицейлер білімдерін шыңдауға қызығушылық танытты.
Жиын соңында Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген әріптестеріне сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді жібермеуге шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі