Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Қарасу шағын ауданының тұрғындары еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік этносаясатты қолдайды. Бұл қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Әл-Фараби аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында жергілікті тұрғындармен өткізілген кездесуде нақты байқалды.
Жаһанданудың заманауи сын-қатерлері мен тегеуріндері жағдайында, толассыз қақтығыстар мен геосаяси тұрақсыздықтар жайлаған жер бетінде әр мемлекеттің ұлттық азаматтық бірегейлік саясаты алдыңғы орынға шығары сөзсіз. Әлем елдерінің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан салты бөлек, діні мен тілі бөлек этнос өкілдерінің басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау – басты міндеті.
Әртүрлі ұлт өкілдері араласқан кезде олардың бір-бірімен бәсекеге түсуі, араздығы, бір-бірімен шендесуі болып тұрады. Осындай түсінбеушіліктерді шешіп, олардың ортақ бір бағытқа қарай қозғалуына әкелу асқан саяси шеберлікті талап етеді.
«Біріншіден, Тәуелсіздігіміздің қастерлі құндылықтарын қорғау мен қастерлеу, екіншіден, қоғамдық дамудың өзекті мәселелері бойынша нақты мемлекеттік ұстаным», деген еді Мемлекет басшысы.
Сол үшінде көп ұлттан құралған мемлекеттердің саясатындағы басты бағыт – азаматтық бірегейлікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған бастар төте жол елдің этносаясаты мен деморатияландыру жолындағы жеткен жетістіктері. Қазақстан егемендігін алған соң ел ішіндегі өмір сүріп жатқан өзге этнос өкілдерінің тату-тәтті, бірлікте өмір сүруінің алғашартын қалыптастырды. Елдің этносаясатын тұрақтандаруды, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономиканы көтеруді жолға қойды. Этносаясатты дұрыс бағытта жүргізу бүгінгі күннің де басты талабы болып саналады. Ата Заңымыздың 1 бабының 2-тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяситұрақтылық,-деп атап көрсетілген. Бұл жеткізбек ойымызды қоштай түседі. Қандай да бір саяси жүйе ел тұрғындарының мүддесінен қашық болса, тұрып жатқан ұлттар мен этностардың мұң-мұқтажы ескерілмесе, олардың өзара бейбіт келісімде жұмыс істеуіне демократиялық негіз қаланбаса, этникалық топтардың азаматтық қоғамын құрап бере алмаса, әрине, ол мемлекет саяси пәрменінен айырылады. Мұны дәлелдеп отырудың өзі артық болар еді.
Кездесуде тұрғындарға мемлекеттік этносаясатқа қатысты құқықтық тұрғыдағы ақпараттар, қолданыстағы заңнамалардың сақталуы, мемлекеттік тілдің мерейін асыру мәселелері, жастардың міндетті әскери борышты өтеуі, барлық этностардың қазақ халқының маңына топтасуы қажеттігі, т.б. мәселелер жөнінде сөз болды.
