• Пт. Авг 22nd, 2025
Популярные метки

ҚАРАП ЖҮРІП ІСТІ БОЛЫП КЕТПЕҢІЗДЕР

Автор:admin

Авг 22, 2025
Spread the love
Көшеде, банкоматтардың алдында, кез келген жерде, әсіресе Каспий банк арқылы бөтен біреу ақша аударымдарын жасап беруді сұранып жатады. Шотымызда теңгеміз болса, несі бар екен деп көмектесетініміз де жасырын емес.
Одан кейін өз шоттарыңызды да басқа адамның қолдануына бермеңіз. Осы тұрғыда алаяқтық схемалардың көбейіп кетуіне байланысты заң қатаңдатылды.
БҰДАН КЕЙІН ОЛАЙ ІСТЕМЕҢІЗ
Қазақстанның Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңа бапқа сәйкес, дропперлік үшін жауапкершілік белгіленген:
​Егер сіз өз шотыңызды басқаға заңсыз берсеңіз, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.
​Егер үшінші тұлғаларға ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асырсаңыз, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.
​Егер бөтен шотқа қол жеткізу құқығын сатып алсаңыз немесе иеленсеңіз, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.
​Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Тіпті, сіз өзіңіздің алаяқтық схемаға қатысып жатқаныңызды білмесеңіз де, жауапкершілікке тартыласыз. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық тәртіп бойынша сіз келтірілген материалдық шығынды жәбірленушіге өтеуге міндетті боласыз.
​Қалай қорғануға болады?
​Банктік деректеріңізді, картаңыздың нөмірін, PIN-кодты және SMS-хабарламалар арқылы келетін құпия кодтарды ешкімге бермеңіз.
​»Жеңіл ақша табасың» деген күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз.
​Егер сіздің шотыңызға кенеттен бөтен адамнан қомақты сомада ақша түссе, оны қайта аударуға асықпаңыз. Банкке хабарласып, жағдайды анықтаңыз.
​Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе күмәнді ұсыныс алсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз. Уақытылы әрекет ету сізді заң алдындағы жауапкершіліктен құтқаруға көмектеседі.
БӨГДЕНІҢ СІЗГЕ БЕЙМӘЛІМ ӘРЕКЕТІ ОРҒА ЖЫҒЫП ЖҮРМЕСІН!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика