• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАРАБҰЛАҚ, АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 21, 2024
Spread the love
Сайрам ауданы, Қарабұлақ, Арыс ауылдық округтерінде 2024 жылдың 02-20 қыркүйек күндері аралығында басталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы жұмыстар бүгін өз мәресіне жетті. Аудан аумағындағы ауылдық округ тұрғындарына арналған оқу семинарына денсаулық сақтау, білім, өкіметтік емес ұйымдар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар және ауыл тұрғындары, жалпы Қарабұлақ, Арыс ауылдық округтерінде 403 азамат қатысты.
Аталған жоба аясында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Амиралиева Айгерім Алиқызы тұрғындарға арналған оқу семинарын өткізді. Өз кезегінде, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов қаржылық сауаттылықтарын арттырған 378 азаматқа біліктіліктері бойынша арнайы сертификаттар табыстады.
Бұдан бөлек, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары мен Арыс ауылдық округінің әкімі, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының кеңесшісі Гуломжон Ирискельдиев, Сайрам ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік саласы бойынша бас-маманы Бахрамжон Имамов жобаны жүзеге асыру аясында семинарға белсене атсалысты.
Оқыту-семинары соңында Айгерім Алиқызы тұрғындардың ұсыныстары және сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізді. Оларға заң аясында ақыл-кеңестер айтып, пайдалы мағлұматтармен бөлісті.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика