• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 8, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Қамқорлық» БПҰ-ның 2022 жылдың қорытынды және ағымдағы жылдың алғашқы алты айы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Қамқорлық» БПҰ-нан Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.
«Қамқорлық» БПҰ төрағасы Бейсеуов Махамбет ұжымның жұмысы бойынша баяндама жасады. Аталмыш бастауыш партия ұйымында – 1122 партия мүшесі болса, оның ішінде 828 жұмыс жасаушы, 3 студент, 73 жұмыссыз, 90 декреттегі ана, 122 зейнеткер, 6 мүмкіндігі шектеулі жан бар.
«Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. Мәселен, №1 қалалық аурухананың дәрігерлері мен медбикелері «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Әл-Фараби ауданындағы қарт кісілердің үйіне барып, медициналық тексеру жұмыстары бойынша ұдайы көмек көрсетіп келеді. «Кедергісіз келешек» – партиялық жоба аясында, аудандық партия филиалы және аудандық әкімдікпен бірлесіп қоғамдық тамақтандыру орындарында, базарлар мен сауда орындарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Аталмыш жоба аясында ауданға қарасты 15 ерекше балаға бір реттік көмек ретінде демеушілердің есебінен азық-түлік себеттері үлестірілді.
Партия әзірлеген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Аталмыш құжат қарапайым халықтың, әрбір тұрғынның талап-ұсыныстарының негізінде жасақталған. Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді. Жұмыстың нәтижесінде мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Олардың олқылықтарды тез арада ретке келтіруін мониторинг топ қадағалайды.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу қамтылып, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика