• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Автор:admin

Авг 15, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен мерекелік шараға қатысты. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Қала әкімі мегаполисте жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасының артуына үлес қосып жүрген әрбір қызметкерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру — мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды.
Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің саны кемінде 20%-ға қысқарады. Мемлекет басшысы атап өткендей, маңызды фискалдық қайтарымы жоқ төлемдер алынып тасталады, ал кейбірі біріктіріледі. Бізде қазір барлығы 12 салық бар, олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы ғана табыс салығының мәнін қайталайды. Сонымен қатар бірыңғай жер салығын (БЖН) жеке табыс салығына көшіру ұсынылып отыр. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдікті режим сақталады.
Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық және қаржылық қамтамасыз етудің аса маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттің сенімді тірегі болып табылады. Қызметкерлердің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі қаламыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді — деді Ғ. Сыздықбеков.
Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика