• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Автор:admin

Авг 16, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында атқарылған жұмыстар мен өзекті проблемалар қаралды. Бүгінде еліміздің жастарына үлкен қолдау көрсетіп отырған Президент тапсырмасы шеңберінде қалада осы санатқа кіретін азаматтардың жан-жақты дамуына, білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына тиісті көмектер көрсетілуде.
Қазір қала аумағында бұл санатқа кіретін азаматтар саны – 363 мыңға жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық жоба аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қолға алынды. Енді 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Осы бағытта қала бюджетінен 261 жасқа шағын несие беру жоспарда бар. Бұл – кәсіпкерлікпен, тауар өндірумен, сатумен, қызметтер көрсетумен, өнім өндірумен айналысқысы келетін жастарға берілген үлкен қолдау.
Жас буынды баспанамен қамту шаралары да нәтижесін беруде. Тіпті кезінде білім ала алмай қалған жастарға жан-жақты көмектер көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, жас буынның болашағын құруға барлық мүмкіндіктер қарастырылған» — деді қала әкімі.
Кеңестің қорытындысында түрлі саладағы озат жастар арнайы марапатталып, сый-құрметке бөленді. Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастарды мегаполистің дамуына атсалысуға, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, жаңаша, тың жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламентінің Сенаты бұдан былай 35 жасқа дейінгі азаматтар да жастар санатына енетіні туралы заңды мақұлдады. Депутаттар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қарап, қабылдаған.
Министрліктің мәліметінше, жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы, денсаулығы, өзін-өзі дамытуы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне толыққанды қатысуы үшін тең мүмкіндік пен қолайлы жағдай жасау – кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе. Аталмыш заң жобасы сарапшылар мен қоғам белсенділері тарапынан талқыланып, қолдау тапқан. Енді сарапшылар бұл заң жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.
Осылайша, елімізде жастарды мемлекеттік қолдау саясатының аясы кеңіп, жастардың саны 2 есеге жуық артады деп күтілуде. Нақты айтқанда, 3,7 млн адамнан 6 млн адамға дейін көбейеді.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, 2022 жылы Шымкентте 15 жастан 29 жасқа дейінгі 245 178 жас бар. Ал жасы 35-ке дейінгі жалпы тұрғындар саны 748 159 адамды құраған. Осылайша, жаңа заң бойынша 1 миллионнан астам шымкенттіктің 2/3 бөлігіне жуығын жастар құрайтын болады.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика