• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 23, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы атынан сайланған Шымкент қалалық мәслихат депутаты Мерлан Керимжанов Құрсай елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. КездесугеТұран ауданы әкімдігінің, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымдық дамыту басқармасының, жер қатынастары басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, “Оңтүстік Жарық Транзит” мекемесінің, Мердігер мекеме — «Реголит» ЖШС-нің өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сапалы ауыз су, жол мәселесі және көшелерге атау беру мәселелері көтерілді. Аталмыш сұрақтар бойынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі биыл шағын ауданда 14 шақырым шағал тас, 14 көшеге асфальт төселетінін, қалған көшелер кезең-кезеңмен жөнделетінін атап өтті. Ауыз су мәселесі бойынша Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен «Реголит» ЖШС-нің өкілдері тамыз айының соңына дейін құрылыс жұмыстарының толық аяқталатын мәлімдеді. Атауы берілмеген көшелер бойынша Тұран ауданы әкімдігінің қызметкері тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».
Сондай-ақ, қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика