Бүгінде қала аумағында көлік кептелісін реттеу мақсатында кешенді шаралар жалғасуда. Аумақтағы көлік қозғалысын оңтайландыру үшін Темірлан тас жолы-Бәйдібек би көшесі қиылысын Алпысбаев көшесіне қосу жоспарланған болатын. Жобаны іске асыру барысында 56 түп ағашты кесу көзделген. Сонымен қатар инженерлік желілердің орнын ауыстыру және жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу қаралған.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан кептеліс пен көлік қозғалысын реттеу мақсатында оңтайлы шешім қабылданды. Нәтижесінде, жасыл желекке зақым келтірілмей жолдың белдеуін бұру бойынша тиімді жоба жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, 33 шақырымды құрайтын 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымын асфальт жол, 233 шақырымын тас жол және 33 шақырымын топырақ жол құрайды.
Одан бөлек, 2023 жылы Қаратау ауданы аумағына қарасты, Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Сондай-ақ, биылғы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты Отырар шағын ауданы №10, Отырар шағын ауданы №59, А.Байтұрсынов көшесі №79, Ғ.Иляев көшесі №13, 4 шағын ауданы №21, Ю.Гагарин көшесі №68, Ю.Гагарин көшесі №88, 1 Мамыр көшесі №21, Ш.Қалдаяков көшесі №8, Ш.Қалдаяков көшесі №20, Б.Майлин көшесі №3,5, Ю.Гагарин көшесі №145, Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қоса кететін, Абай аудан аумағында 1274 көше бар. Оның ішінде 573 шақырымды құрайтын 688 көшеге асфальт, 540 көшеге шағал тастары төселген. Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі.
Көшелерді асфальттау жұмысы Қаратау ауданында да жүзеге асырылмақ. Биылдың өзінде аудандағы 70 көшеге асфальт төселеді. Асфальт төсеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында және «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады.
Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады.
Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.
Айта кетейік, Биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал, қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.
Жөндеу жұмыстары кезінде жол таңбалары сызылып, жиек тас орнатылды. Аяқ жол салынып, жарықшамдар жүргізілді және оң жақ өткел қосымша жолағы қосылып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.