«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдауды қалалық маслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрайымы Елшиева Альбина Балғабайқызы өткізді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық мәслихат депутатының жеке қабылдауында азаматтар әлеуметтік көмек,баспана мәселелерін көтерді. Келген азаматтардың біріне мәселелері бойынша кеңес беріп, әлеуметтік көмек көрсетті. Туындаған мәселе төңірегінде халық қалаулысы жауапты мекемеге депутаттық сұраныспен шығып, күрмеуі табылмай жүрген мәселенің шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.
Мүгедектікке шығу, зейнетке шығу, мүгедек азаматтарға күтім жасайтын азаматтардың жәрдемақысы бойынша мәселелер де қаралды. Мәселен, денсаулығына байланысты мүгедектікке шығару мәселесі, екінші мәселесі құжаттарын әлі күнге дейін рәсімдей ала алмай жүргендігін айтып көмек сұрады. Талап-тілегі талқыланып, мәселесі заңға сәйкес қаралатындығын, барлық құжаттармен тиісті басқармаға бару керектігі түсіндірілді.
«Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Азаматтық қоғамды дамытуды, ашықтық пен жариялылықты қолдауды көздейтінін Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше рет атап өтті. Соның айқын дәлелі Президенттің бастамасымен биыл елімізде, оның ішінде біздің ауданымыздағы үш ауылда ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұрын ауыл әкімдері депутаттардың дауыс беруімен қызметке кіріссе, енді жергілікті халықтың дауыс беруімен, яғни қолдауымен сайланады. Бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеріп, қабылдайтын шешімдерін түзеуіне, жергілікті билік жұмысының халыққа етене жақын болуына әсер етері сөзсіз.
Өтініш берушілер жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіру, еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс істейтін аналар үшін еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктерді алу, жалға берілетін тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі туралы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп пайдалана алатындығы түсіндірілді. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны сақталады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін ұзақтығы кемінде отыз минут әрбір үш сағат сайын қосымша үзілістер беріледі. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым мәселесін алға тартты. Жарықтандыру, жол, мектеп құрылысы мен спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты.
Емхана мен көп балалы отбасыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы келген.
Қабылдауға келген азаматтардың сауаладарына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатарына көмек көрсетілді.