• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«Қайтарымсыз несие алып беремін» деп тұрғындарды алдаған күдіктіні құрықтады

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушіден мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінің айтып, алдын ала 500 мың теңге ақшасын алған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады.
Мұндағы жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 жуық миллион теңге. Күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтар адамның сеніміне кіру жолымен алдау-арбау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену жағдайлары белең алуда.Заманымыз дамып, цифрлық жүйеге көшеміз деп күнделікті адамдардың ой санасын дамытуға тырысқанымызбен, екінші жағдайда олардың алаяқтық қылмысының құрбаны болуына тап келулері бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.
Сондықтан аудан тұрғындарын интернет желілері арқылы келетін әртүрлі мазмұндағы жарнамалардан, алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырамыз.
Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіре түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды. Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасаудың жаңа әдістері пайда болуда. Уақыт өтсе де өзгермейтін қылмысты жасаудың себебі біреу ғана, ол – адамның пайдакүнемдік теріс пиғылы. Оңай олжаны көздегендер алаяқтықты кәсіпке айналдырады. Алайда бір әдіспен қашанғы алдай алсын?
Алаяқтық дегеніміз – ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу. Егер ауданымызда алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз жөн. Жаңа таңысыныздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын көрсетуін сұраңыз. Жалпы, қазіргі кез өте қауіпті. Неге десеңіз, алаяқтардың арбауына оп-оңай түсіп қалуға болады. Сондықтан да сіздерді алаяқтардан сақ болуға шақырып, ескертеміз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика