«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Қайнар» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күн тәртібіне сәйкес «Қайнар» бастауыш партия ұйымы 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымынан Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.
«Қайнар» бастауыш партия ұйымында – 722 партия мүшесі болса, 238 жұмыс жасаушы, 180 студент, 111 декреттегі ана, 75 жұмыссыз, 115 зейнеткер. Партия қатарына қосылып жатқан жаңа студенттер саны күн санап артуда.
«Қайнар» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Әл-Фараби ауданындағы қарт кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс- тіршілігімен танысып, оларға үй тірлігіне қатысты маусымдық тазалық жұмыстары жүргізіліп тұрады.
«AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде бағдарламаның әр бағыты: «Қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты», «Табысты әйелдер», «Аға буын өкілдеріне қамқорлық», «Ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға қолдау», «Сенімді жұмыс орындары», «Гүлденген ауыл», «Халыққа қызмет ететін мемлекет», «Әділетті құқық қорғау жүйесі» және өзге де мақсатты шаралардың жүзеге асуына барынша қолдау көрсетіп жұмыс жүргізіп келеміз. Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді. Жұмыстың нәтижесінде мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Олардың олқылықтарды тез арада ретке келтіруін мониторинг топ қадағалайды. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу қамтылып, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.