• Чт. Июн 12th, 2025
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Автор:admin

Июн 11, 2025
Spread the love

Жаңа оқу жылына тың дайындықпен қадам басу мақсатында Қазығұрт ауданында білім беру мекемелерін жөндеу және жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. 2024–2025 оқу жылы аяқтала салысымен аудан аумағындағы бірқатар мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, оқу ордалары жаңа кейіпке еніп, білім алушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар қолға алынды.
Биыл Қазығұрт ауданында 2 мектеп жаңғыртудан өтуде. Бұл білім ошақтарында ғимараттарды қалыпқа келтіру, техникалық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықтау және санитарлық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылғы 10 маусым күні Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Абилхасова Гүлнұр Айтбекқызы Қ.Абдалиев ауыл округіне арнайы іссапармен барып, «Атбұлақ» жалпы білім беретін мектебіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Мектеп ғимаратындағы ішкі қабырғаларды сылау, едендерді қалпына келтіру, сынып бөлмелерін жаңарту және санитарлық тораптарды толық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Абилхасова Г.А. мердігер компания өкілдерімен кездесіп, орындалып жатқан жұмыстардың сапасына, уақытылы аяқталуына және құрылыс материалдарының талапқа сай болуына баса назар аударды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне ғимаратты ұқыпты ұстау, оқушыларға жайлы орта қалыптастыру, оқу құралдарын жаңарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Айта кету қажет, бүгінде аудан мектептерінде білім беру инфрақұрылымын жақсартумен қатар, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектеп аумақтарында сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылып, жасыл желек көбейтілуде. Бұл – балалардың таза әрі қауіпсіз ортада білім алуына жасалып жатқан қамқорлықтың нақты көрінісі.
Аудан басшылығының басты мақсаты – мектептерді жаңа оқу жылына толық дайын күйге келтіріп, білім сапасын арттыруға жан-жақты жағдай жасау. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика