• Ср. Апр 30th, 2025
Популярные метки

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

Автор:admin

Апр 30, 2025
Spread the love
Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай дәстүрлі жүгіру марафоны өтеді. Марафон ертең таңғы сағат 08:00-де А.Асқаров атындағы дендросаябақтан басталады. Спорттық шараға 500-ге жуық қала тұрғыны, этномәдени бірлестік төрағалары, Ассамблея жастары, спортсүйер азаматтар мен белсенді жастары қатысады.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отырған шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала жастарын бірлік пен отансүйгіштікке баулу, ел мен жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды.
Қазіргі таңда көпұлтты Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қалада жұмыс істеп тұрған 16 этномәдени бірлестік қоғамдағы ынтымақ пен келісімді нығайтуда елеулі рөл атқарып келеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қалада спортпен айналысатын жастардың қатары көбейіп, салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар саны артып келеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика