27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыу.
«Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», — дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кету керек, «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.
Сонымен қатар, «Кел билейік» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы хореография бағыты бойынша өткен фестиваль-байқауында №125 жалпы орта білім беретін мектебінің Қарлығаш би тобы «Big Big Family»кубогымен және де Гран при кубогы «Хорезм» биімен және Үнді биімен І орын кубогын иеленді.
Биші қыздарымызды жеңіс тауының шыңына шығарған, жетекшісі Амангельдиева Эльмира Орынбековна Алғыс хатпен марапатталды.
Еске сала кетерлік, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №132 жалпы орта білім беретін мектеп, № 134 жалпы орта білім беретін мектеп, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебі, А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясындағы өткен ашық сабақтар «Киелі мекен» апталығымен ұштастырылып өткізілуі мәдени мұраны, рухани құндылықтарды, қасиетті орындарды оқушылардың танып-білуіне зор ықпал еткен болатын.