Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының кезекті жиыны өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиынға ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов, Шымкент университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Болғанбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар, эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Ғылыми-сарапшылық топ мүшелерімен жыл басынан бері 9 іс-шара өткізіп, оларға барлығы 400-ге жуық адам қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері, жолдау бойынша мемлекеттік саясат саласындағы басымдықтар туралы 5 материал жарияланды.
Бұдан бөлек, топ мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топтардың құрамында Шымкент қаласы аумағындағы этнос өкілдері жинақы тұратын 23 шағынаудан мен тұрғын алаптарда болып, анықталған проблемалық мәселелер жөнінде талдамалық ұсынымдар әзірледі.
Ғылыми сараптама тобының негізгі мақсаттары:
— Шымкент қаласында дамып келе жатқан этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессия аралық тенденцияларды кешенді бағалау, аталған процесстердің қалада, мемлекетте және әлемде дамуын қадағалау;
— Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаяси бағытында ғылыми-сараптама көмегін көрсету;
— Этносаралық және конфессиялық қарым-қатынастарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау;
— Қазақстан халқы Ассамблеясын саяси және азаматтық институттырының рөлін арттыру мен қазақстандық қоғамның бірлігін жасау мен этносаралық және конфессияаралық келісім моделін жетілдіру, жалпыға бірдей ұлттық бірлікті жеткізу.
ҒСТ құрылымында ғылыми-эксперттік, сарапшы және бақылау секторлары жасалған, олардың міндетінде нақты бағыттық жұмыстар тапсырылған. ҒСТ отырысы квартал сайын өтіп, кезекті және шұғыл мәселелер бойынша да топтың мүшелері жиналып тұрады.