• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love

Эхинококкоз – зооноздық биогельминтоз, паразитарлық індет өлімге әкелетін, ауыр асқынулармен өтеді.
Ауру қоздырғышы – паразит ұсақ жалпақ таспалы құрт, мөлшері 2-7мм. Инвазия көзі – ит, қасқыр, шабал, түлкі, мысықтар. Аралық иесі адам, ірі және ұсақ мүйізді мал, шошқа және басқа да шөпқоректі жануарлар. Иттер личинкалармен зақымданған мал мүшелерін жеген кезде жұғады.

Эхинококкоз жұмыртқаларымен жиі ластанатын аймақтар саябақ, балалар көп ойнайтын үй аулалары болып табылады. Ауылдық жерлерде егер иттер байлаулы болмаса (қаңғыбас иттер) кең аймақтар ластанады. Эхинококкозбен балалардың ауру қауіпі өте жоғары, өйткені олар итпен жиі ойнайды.
Ауру белгілері – эхинокок құртының қай ағзада орналасқанына байланысты. Бауыр эхинококкозымен ауырған адамның оң жақ қабырғасының асты сыздап ауырып, ауыр тартып тұрады. Егерде өкпе зақымданса кеуде тұсы сыздап ауырып, жөтел демікпе пайда болады. Ауыр асқынған жағдайда эхинокок көпіршігі жарылып, анафилактикалық шок дамуы мүмкін, паразиттер шашылып, басқа мүшелерге таралады (бауыр, өкпе, бүйрек, кейде ми). Ауру асқынбаған жағдайда көп жылдарға созылады және кездей соқ анықталуы мүмкін (жоспарлы рентгенография) немесе мақсатты тексеру кезінде. Эхинококкоз ауруы өте қауіпті аурулардың қатарына жатады, ауруға шалдыққандарға тек хирургиялық жолмен ота жасау арқылы сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Эхинококктың онкосфералары (личинкалары) жұмыртқадан шығады, қолайсыз факторлардың әсеріне төзімді және топырақ, шөп, көкөніс, лас қолдар, су арқылы аралық қожайынның ағзасына түседі. Топырақ бетінде эхинококк жұмыртқалары 10-26°С температурада бір ай бойы өміршеңдігін сақтайды. Ал шөпте 14-28°С температурада 1,5 айдан кейін өледі. Жұмыртқалар төмен температурада жақсы сақталады.
Эхинококкоз ауруының себептері: мал шаруашылығы дамыған аудан-дарда қаңғыбас иттердің көп болуы; жеке бас гигиенасын сақтамай балалардың итпен ойнауы, тығыз қатынаста болуы, итті үйде ұстауы; ластанған суды ішу; ластанған жеміс-жидекті, көкіністі жеу; қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық факторлардың болуы, мал өнімдері қалдықтарын зарарсыздандыратын аспаптар мен дәрі-дәрмектердің бол-мауы керек.
Ең жалпы симптомдар (белгілер) – эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі, бас ауыруына, лоқсу және құсу. Ең айқын симптомдар – оң жақ қабырға астының ауыруы, ауыршаңдық, қысым сезімі, кеуденің ауыруы, ентігу; құрғақ және ылғалды сырылдауы, денедегі есекжем, типті бөртпе.

Эхинококкоз ауру кезіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар:
1) жеке гигиена ережелерін сақтау, иттермен тығыз қарым-қатынаста болудан аулақ болу, көкөністерді, жемістерді және қолды иттермен қарым-қатынаста болған соң, сондай-ақ жермен жұмыс істегеннен кейін, жануарларды күткеннен кейін, қой жүнді жанасқаннан кейін, иттердің терісін бөлгеннен кейін мұқият жуу қажет. Аулаларды тазалау бойынша жер жұмыстарын жүргізу, ауаның шаңдануына байланысты сыпыру (әсіресе иттер орналасқан аулаларда) тек дәке таңғыштарда немесе респираторларда жүргізіледі.
2) Иттерді ұстау ережелерін сақтау: итке бетті жалтыратуға, диванға, төсекке секіруге, ас үйге кіруге, итті тек оған бөлінген ыдыстардан азықтандыруға рұқсат бермеу. Аулалар мен иттерді ұстау орындары санитарлық тазаланады. Иттерді үй және жабайы жануарлардың ішкі ағзыларымен азықтандыруға қатаң тыйым салынады.
3) Үй жануарларына дегельминтизация жүргізу және қаңғыбас иттерді жою ветеринарлық қызмет жүргізуі тиіс. Эндемиялық аудандарда әрбір 45 күн сайын үй иттерін бірінші кезекте алдын ала дегельминтизациялауы қажет. Дегельминтизацияны арнайы, цементтелген (асфальтталған) алаңдарда, кейіннен нәжістерді металл сыйымдылыққа жинай отырып ұйымдастырады, оны 3 сағат 10% хлорлы әктің ерітіндісімен құяды. Осындай ерітіндімен алаңды зарарсыздандырады және топырақты өңдейді.
4) Қоғамдық тамақтану орындарында тамақ өнімдерін (бауырдан жасалған кәуап) дайындау кезінде ет пен бауырды мұқият термиялық өңдеуге назар аударыңыз, себебі эхинококк құрттары болуы мүмкін. Етті бөлу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды мұқият жуу, тақтайларды, пышақтарды, балталар мен басқа да өңдеу заттарын мұқият өңдеу қажет.

Медициналық профилактикалық шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекеме жұмысшыларын) тұрақты зертханалық тексеру.
Осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын аламыз. Ол бәріміздің қолымызда екенің ұмытпайық!

А.Кудабаева,
Түркістан қалалық СЭББ бас маманы.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика