• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Экономикалық контрабанданың түбі сыбайлас жемқорлық

Автор:admin

Июл 30, 2023
Spread the love

Қоғамымызда көптеген азаматтар өз құқығын жете түсінбейтіндіктен, өз мүддесін шегінен тыс ойлаудан дұрыс жолдан адасып жатады. Тіпті кейбір жағдайда темір торға түсіп, бірақ өзінің ақ, адал екенін айтып, шырылдап ақ бағады. Яғни әлі де болса өз әрекетінің құқықтық салмағын түсінбей жатады. Осы орайда бүгін экономикалық контрабанда ұғымы мен жалпы контрабандадан қоғамға келер зияны және жемқорлықпен байланысы жөнінде сөз қозғамақпыз.
Экономикалық қызмет саласындағы кез-келген қылмыстық құқық бұзушылықтар – заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, экономикалық контрабанда немесе заңсыз сыйақы алу және де тағыда басқа құқық бұзушылық іс әрекеттердің барлығы – белгілі бір дәрежеде экономикалық қызметпен байланысқан мемлекеттің және өзге де субъектілердің экономикалық мүддесіне қол сұғу болып табылады. Олардың ішінде, экономикалық контрабанданың қоғамға қауіптілігі жоғары, ол мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
Контрабанда (италиан contrabando – жарлыққа қарсы) – тауарларды, валютаны, құндылықтарды немесе өзге де заттарды‚ солардың ішінде зияткерлік меншік заттарын кеден шекарасы арқылы заңсыз ірі көлемде алып өту. Ол кеден бақылауынан тыс немесе жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдаушылықпен пайдаланып не кеден шекарасы арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған тауарларды‚ заттарды және алып өтудің арнаулы ережелері белгіленген құндылықтарды мағлұмдамада көрсетпей немесе өтірік көрсетіп жасалады. Контрабанда экономикалық қылмысқа жатады.
Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 234-бабы, 1-тармағына сәйкес, «Экономикалық контрабанда – ол кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларацияламаумен немесе көрінеу анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, iрi мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде осы Кодекстiң 286-бабында көрсетiлгендерді қоспағанда, кедендiк шекара арқылы өткiзуге тыйым салынған немесе шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы қағидалары белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу»- деп көрсетілген. Аталған құқық бұзушылықтар болған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы,1 тармағына сәйкес, құқық бұзушылыққа барған тұлғаның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Сондай-ақ адамдардың экономикалық контрабанданы бiрнеше рет жасауына байланысты, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сонымен қатар шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамға күш қолдана отырып, сондай-ақ аса iрi мөлшерде және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттердің барлығында — тұлғаның мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады .
Негізінен экономикалық контрабанданың өсуі ол «сыбайлас жемқорлық», «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарымен тығыз байланыста болуы. Ол дегеніміз, экономикалық контрабанда жасырын жасалатындықтан қандай тауарлардың қандай көлемде шекара арқылы заңсыз өтіп жатқандығын анықтау мүмкін емес болып отыр. Бірақ, еліміздің құқық қорғау органдарының тынымсыз ізденіспен жұмыс жасауының арқасында кей жағдайларда экономикалық контрабандамен құқықбұзушылыққа барған тұлғалар ұсталып жатады. Солай десекте, еліміздегі шекара арқылы экономикалық контрабанда жолымен өткізіліп жатырған тауарлардың саны азаяр емес, әрине оған сай еліміздегі құқықбұзушылықтыңда саны көбейіп келеді.
Мысалы, статистика агенттігі автомобильдер экспорты, импорты туралы ресми мәліметтерді Жол полиция басқармасындағы мәліметтермен салыстырған, нәтижесінде жылына 5-6 мың автомашинаның мемлекеттік бақылауды жанай өтіп (көбіне Ресей арқылы), Қазақстанға келетіндігі анықталған. Тауардың елге контрабандалық жолмен өтуі мемлекетке материалдық зиян келтіреді және мұндай экономикалық қылмыс жасаған адамдар жазасыз қалады. Бұл жағдай елдің сыртқы экономикалық секторының криминалдануына алып келеді.
Экономикалық контрабанда жолымен тауар тасымалдаушыларды, шекарадан тауар өткізу барысындағы кедендік рәсімдерді жүргізбей, тауарларға белгіленген алым,салықтарды төлемей, оның орынына белгілі бір лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы тауарларын өткізіп өздеріне пайда көлемін ұлғайтатындар десекте, олардың мемлекеттік бюджетті біршама шығынға алып келіп жатқанын түсінеміз. Сондай-ақ, бұндай жолмен өз пайдаларын көбейткісі келетіндерден бөлек, адам денсаулығына, өміріне, жалпы қоғамға зиян алып келетін тауарларды, яғни есірткі немесе психотроптық заттар, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақтар, жарылғыш құрылғылар, ататын қарулар немесе ядролық, химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жоятын материалдар, жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану кезіндегі қолданатын құрал-жабдықтар тағы сол сияқты қоғам үшін зиян тауарларда жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстардың арқасында контрабандалық жолмен елімізге тасымалданып жатқаны қаншама?!
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, «Қазақстанға өнімді әкелу үшін контрабандашылар түрлі схемалар ойлап табады. Олардың бірі-Қырғызстан арқылы ЕАЭО аумағына кіру. Бұл жерде қазіргі заманғы техникамен және инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталмаған өткізу пункттері «сұр импорт» үшін мүмкіндік береді. Құжаттарда мәлімденген деректерге сәйкес келмейтін тауар Қырғызстан арқылы жасырын түрде тасымалданады. Тауарлар жоқ алушылардың атына жіберілген жағдайлар тіркелген. Қырғызстан тарапынан тасымалданатын жүктерді талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жоқ алушылардың атына тауар әкелудің 1,8 мың фактісі анықталды. Олар бойынша шығындар 1 млрд теңгені құрап отыр. 2019 жылдың 27 наурызынан бастап Қырғыз Республикасымен өткізу пункттерінде бақылауды күшейту туралы шешімге сәйкес Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекарасында бақылау іс-шаралары жол бойында жүргізіледі. Ілеспе жүк құжаттары нақты орны ауыстырылатын жүкпен мұқият салыстырылып тексеріледі. Осылайша, Қазақстан өзін «сұр импорт» пен контрабандадан қорғайды» -деп мәлімдеді.
Бірақ «аталған шаралар қаншалықты көлемде Экономикалық қылмыстардың алдын алады?» деген сұрақ үнемі туындап отыратыны белгілі. Себебі, зерттеуімізге сүйенсек, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың елімізде өсуі немесе уақыт өте келе көбеюі ол еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен тығыз байланысты. Елімізге контрабандалық жолмен жеткізіліп, сауда айналымына түсіп кететін тауарлар ең алдымен салықтан жалтару арқылы ел бюджетіне қараулық етсе, екіншіден қоғамымызға зиянын тигізеді. Сондықтан мүмкіндігінше оның жолын кесу қажет.
Міне тақырыбымызда қозғалып отырған мәселелердің негізгі қайнар көзін «сыбайлас жемқорлық» деп нақты қоюға болады. Сол себепті де, адам өмірімен денсаулығын қорғау, оның бостандығын қамтамассыз ету мақсатында шекарадан өтетін контрабандандалық тауарлардың өтуін азайту мақсатында және еліміздің экономикалық жағдайына нұқсан келтірмеу үшін Экономикалық контрабанда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін ең алдымен еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен қатаң түрде күресіміз қажет. Себебі, өз пайдасы үшін шекарадан контрабандалық жолмен тауар өткізуге мүмкіндік берген қызметші уақыт өте пайдакүнемдіктің арқасында өз елі мен қоғамға, адам өмірімен бостандығын жоютын ірі көлемдегі жаппай қырып-жоятын қару-жарақтардыда өткізіп қоғамға, елге үлкен қауіп туғызуы мүмкін.

Арайлым Бақытбекқызы

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика