• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: 500 ОТБАСЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ

Автор:admin

Мар 29, 2023
Spread the love
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе кезекті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ізгілік акциясы аясында қаланың орталық мешіті – Ақмешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылды.
–Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Жылдағы дәстүр бойынша қасиетті ай басталғаннан осындай қайырлы істі қолға алып отырмыз. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе 500 отбасыға ауызашар үшін азық-түлік себеті үлестірілді. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 40 мешітте кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырылуда. Осындай ізгі істерде белсенділік танытқан кәсіпкерлер мен мешіт имамдарына алғыс айтамын, — деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.
Ауызашарға арналған азық-түлік қорабын алған Абай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Жұманова қайырымдылық акциясына қолдау білдірген қала әкімдігі мен мешіт имамдарына өз алғысын жеткізді.
–Бүгін алғаш рет мешітке келіп осындай ауызашар жиынтығын алып отырмыз. Рамазан айында халыққа азық-түлік таратуды ұйымдастырған қала әкімдігіне, мешіт имамдары мен жомарт кәсіпкерлерге көп рақмет, — деді көпбалалы ана.
«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы 5 ауданның орталық мешітінде күн сайын ұйымдастырылып, 500 отбасына азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр. Іс-шара ай соңына дейін жалғасады.
Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Қождан ата», «Темірші ата» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.
Еске салар болсақ, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.
«Zeket HUB» қайырымдылық орталығы мұқтаж отбасылардың базасын жасап, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Және жергілікті әкімдіктермен және «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика