• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 27, 2023
Spread the love

2023 жылдың 27 маусым күні Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы АЛТЕЕВ Бауыржан Ілімшаұлы жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, талқыланды.
Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының сапасы, құрылыс компанияларының жұмыстарын қадағалау және бақылау жұмыстарының барысы туралы Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы БАИМБЕТОВ Мадияр Сансызбайұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасының атқарылып жатқан жұмыстары туралы Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы ТҰЯҚБАЕВ Әлжан Әлішерұлы және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары, профилактикалық шаралар мен қаладағы төтенше жағдайға дайындығы туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ЖАКСИБАЕВ Мадияр Есенгелдіұлының баяндамалары тыңдалды.
Отырыс соңында Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі жанынан «Жастар саясаты жөніндегі» комиссиясы құрылып, төрағасы болып Талғат Нұрдаулет Ибадуллаұлы сайланды.
Отырыста кеңес мүшелері өз тараптарынан тиісті ұсыныстарды енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындықтарын жеткізді.
Осы тұрғыда заңнама не дейді. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізеді.
2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
3. Алып тасталды – ҚР 03.01.2021 № 406-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
8. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:
1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:
1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

 

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика