«Шымкент МӨЗ-нің 2-кезеңі» жобасы Қазақстанның мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін өңдеу қуаттылығын кеңейтуге бағытталған ауқымды бастама болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүзеге асырған жоба 2,3 триллион теңге көлеміндегі қомақты инвестицияны көздейді және 2030 жылы жүзеге асырылады.
Зауыттың екінші кезегінің жобалық қуаттылығы жылына 12 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеп, Еуро-5 және одан жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығару. Сондай-ақ тағы бір мақсат — ESG күн тәртібі және «жасыл экономикаға» көшу шеңберінде ішкі нарықты мотор отынымен және басқа да мұнай өнімдерімен қанықтыру. Мұнай өңдеу бойынша Нельсон индексін 10+ деңгейіне дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл өндірістік мүмкіндіктерді жақсартуға және мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің тапшылығын ескерсек, бұл жобаның экономикалық тиімділігі өте жоғары. Атап айтсақ, 285 мың тонна автобензин, 400 мың тонна авиациялық отын, 500 мың тонна дизель отыны және 300 мың тонна битум жетіспейді, бұл импорт қажеттілігіне алып келеді. Жобаны жүзеге асыру мұнай өңдеу көлемін жылына 18 миллион тоннадан 24 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ашық мұнай өнімдерін өндіру жылына 10,9-дан 15 млн тоннаға дейін өседі.
Жобаны қаржыландыру меншікті және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Жобаны дайындау шеңберінде 2035 жылға дейін мұнай өнімдері нарығын дамыту бойынша маркетингтік зерттеулерді қамтитын алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК «ШЫМКЕНТ МӨЗ» АҚ ЕКІНШІ КЕЗЕГІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
