• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкент қаласы полиция департаменті қала тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!

Автор:admin

Май 2, 2024
Spread the love

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі.
Полицияның міндеті — қоғам тыныштығын күзету болса, сол қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілінің құқығын қорғау. Бірлігі мен татулығы жарасқан елімізде барлық ұлт өкілдерінің дәстүрін сыйлауға, тілін құрметтеуге міндеттеледі.
Осы орайда Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген отырысында Шымкент қаласы Ассамблеясының өзбек этно мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Умаров Шакир Давренбекович өз сөзінде барша Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күнімен құттықтай отырып, 130 дан астам ұлт өкілінің елімізде тату өмір сүріп келе жатқаның сөзге тиек етті. Сонымен қатар, Қазақстан халқын ұлт араздық қақтығыстарға, арандатушыларға ерместен татулық пен бірлікке шақырды. Ал полиция қызметкерлеріне татулық, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерен еңбектері үшін өз алғысын білдірді!
Бүгінде мемлекетімізде талай ұлттар мен этностар бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп келеді. Қиын-қыстау заманда түрлі ұлттар қазақ халқының кеңпейіл мейірбандығын көріп, қамқорлығына бөленді. Тағдырдың теперішін көріп келген түрлі ұлт өкілдері халқымыздың қолдауына ие болды. Тарих талай ұлттарды бір арнаға, ортақ шаңырақ астына тоғыстырды.
Бүгінде еліміздегі ұлттардың бекем бірлігінің арқасында қуатты да дамыған, әділдікті ту еткен мемлекет құрудамыз. Елімізде қашанда ұлтаралық достықты нығайтуға, ішкі тұрақтылықты сақтауға, ұлттардың өзара сыйластығы мен келісіміне ерекше мән берілуде. Бірлігі мен тірлігі жарасқан, достығы бекем, мақсаты ортақ халқымыздың абырой-мәртебесі де әркезде биік екені сөзсіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика