• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Окт 10, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы мәслихаттың кезекті ХХI сессиясы өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Күн тәртібінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысы тарифіне келісім беру, «2024 – 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу, қала әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын екіге бөліп, қайта құру шешімі қабылданды.
Бұдан бөлек қала әкімі қазіргі таңда халықтың өмір сүруіне тікелей әсер ететін маңызды шешімдер қаралып жатқанын атап өтті. Соның бірі бұрын жекешелендірілген сумен жабдықтау және су бұру стратегиялық нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі. Халық қалаулылары да даулы мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару- тарифтік шығындарды ұстау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан қала басшысы қолдау білдірген депутаттарға алғысын айтып, барлығын жұмыла әрекет етуге шақырды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 810640,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 2% артты.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 17,3% кеміді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 11,6% азайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 2,3% артты, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 1,5% өсті.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 38062,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,2% құрады.
2024 жылғы қаңтар- қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10448,6 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 128,7% құрады.
Жолаушылар айналымының көлемі 3703,9 млн. жолаушы-шақырымды немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 95,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 182487,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек салыстырғанда 130,6% құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 38,8% өсіп, 775,8 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 58,2% артты (423,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 118,6% (340,5 мың шаршы метр) құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 462296,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 110,1% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 29198 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 3% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 28778 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22952 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22541 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 26821 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2% артты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика