Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылған және полиция қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік тіл мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңында айқындалған. Мeмлeкeттiк тіл елдің бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мeмлeкeттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тілі. Сондай-ақ, бүгiнгi таңда қазақ тілі әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру мәселесі eлiмiздe eлeулi тілдік реформа басталғаны өздeрiңізгe мәлiм. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.
Дөңгелек үстелді полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Әмзеев ашып, аталған кездесудің мақсаты «тәртіп сақшыларының өз тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу» екенін атап өтті.
Полицейлер нағыз тіл жанашырларының басын қосып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесінде пікір алмасып, ой бөлісті. Атап айтсақ, жиынға «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы, журналист Айдар Сайлауұлы Құлжанов, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының аға оқытушысы Абдуғаппарова Гүлшахар Өтебайқызы қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің медиаорталық басшысы, журналист, айтыскер ақын Лаура Тастанбек арнайы шақырылып, «Тіл туралы толғауы» тыңдалды. Департаментте мемлекеттік тілді жүргізу саясаты жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттық саясат басқармасының басшысы Бағлан Исатаева баяндады.