• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДIНИ АХУАЛ

Автор:admin

Июн 24, 2023
Spread the love

Қандай да болмасын мемлекет діни саясатты тарихы мен мәдениетін, байырғы халықтың ұстанған діні мен оның даму тенденцияларын зерттеу арқылы қалыптастырады.
Қазақстанда да осы факторлар мен басқа да жәйлар ескеріліп, арнайы заңы қабылданып, мемлекеттік дін саясаты құқықтық реттелген.
Шымкент қаласындағы діни конфессиялар туралы қысқаша ақпарат.
Бүгінгі таңда қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 122 діни бірлестік тіркелген (90– исламдық, 6 — православие, 1 — католик, 7 — елуіншілер, 5 – пресвитериандық, 5 – христиан баптистер, 3 — Ехоба куәгерлері, 1 — Жаңа апостолдық шіркеу, 1 – еврей, 1 – бахаи, 1 – адвентистер, 1 — кришна).
Миссионерлер туралы
Шымкент қаласының аумағында 7 миссионер бар.
Олардың ішінде екеуі Корея Республикасынан, Украинадан, Италиядан, Аргентинадан, Тәжікстаннан, АҚШ-тан бір біреуден.
Дін істері басқармаларының атқарған жұмыстары туралы қысқаша ақпарат.
Бекітілген қала тұрғындарымен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 3 санатқа (жоғары, орта, төмен) бөлінген, оның ішінде «жоғары» және «орта» санаттарға ерекше назар аударылған.
2023 жылға дін істері басқармасы тарапынан ҚР АҚДМ тарапынан әзірленген діни саладағы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарына арналған «Жаңа тәсілдер» әдістемесінде көрсетілген
1. Ел дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту;
2. Қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын, ұлттық дәстүрлері мен патриотизмді ілгерілету;
3. Қазақстандық діни білім беруді насихаттау;
4. Деструктивті және радикалды діни ағымдар идеологиясына қарсы насихаттау) тақырыптық бағыттар негізінде жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, ақпараттық жұмыстарда ҚР АҚДМ тарапынан әзірленген «Тұрғындар арасында атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыным» мен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындау мақсатында экстремизм мен радикализмге қарсы іс-қимыл саласындағы жолданған жаңа тәсілдер басшылыққа алынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика