Аталған жиында қазіргі таңда белең алып бара жатқан интернет-алаяқтарынан сақтану кеңестері айтылды. Шымкент қаласында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі. Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 6506 әскери бөлімінің жеке құрам арасында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жиында қазіргі таңда белең алып бара жатқан интернет-алаяқтарынан сақтану кеңестері, сондай-ақ оның көбеюіне себепкер болған факторлары және де интернет-алаяқтық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде де атап өтілді. Сонымен қатар, шымкенттік полицейлер студенттермен кездесу өткізді. Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Жастар ресурстық орталығында жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында Авимед көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау. Сонымен қатар,бүгінгі жастардың саналарында қалыптасқан жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарауды үйренуге бағыттайды. Кездесуді Еңбекші ауданы полиция басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Төребай Әсела және Шымкент қаласы бойынша тәжірбиелі психолог Алдиев Ахатбай өткізді. Мұндай профилактикалық жұмыстар қатары мектеп оқушыларымен де өткізілді. Шымкент қаласының Қазбек би атындағы №36 жалпы білм беретін орта мектебінің оқушыларымен полиция қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылық ,діни ағымдар, сонымен қатар психтроптық заттардың зияндығын профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаранынң мақсаты жастардың өсіп дамуына қолайлы психологиялы және әлеуметтік жағдай жасау. Сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу. Аталған іс-шараға Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен әр саланың мамандарымен өткізілді.