• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ «ЖАС ҰЛАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.

Автор:admin

Июн 15, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығының қолдауымен Республикалық «Жас Ұлан» әскери спорттық ойыны 2024 жылғы 13-14 маусым аралығында өтті.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты √68 жалпы орта білім беретін мектебінің «СҰҢҚАР» командасы (7 ұл, 2 қыз) қаланың намысын қорғады.
Респуликалық әскери-спорттық ойынының нәтижесінде
1) Арқаға жатып денені көтеру (пресс қыздар арасында) **І ОРЫН* *
2) АК-74 ММГ оқулық автоматын толық емес бөлшектеу, бөлшектеуден кейін жинау (1ұл, 1қыз)
ІІ ОРЫН иеленді.
3. Саптық және әндер байқауы (толық команда)
4. Әскери кросс (толық команда)
5. Тарихи іздеу, зертеу ғылыми жобасы (1 оқушы) *ІІІ ОРЫН* иеленді.
6. Кермеде тартылу (ұлдар)
Жалпы республикамыздың 20 (жиырма) өңірінен 180 (жүз сексен) жас патриоттар бақ сынады.
Айта кететін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен.
Шымкент қаласының СҰҢҚАР командасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.!
Сен өз ойлағаныңнан МЫҚТЫСЫҢ…Жас Сарбаз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика