Бүгін қала күні қарсаңында мәдениет ордасы – «Tulip Hall» конгресс хол ғимараты халық игілігіне берілмек.
Жалпы ауданы 5,24 гектар аумақты алып жатқан нысанның жобасы 2021 жылы бекітіліп, құрылыс жұмысы 2023 жылы басталған болатын. Ал, ғимараттың ауданы – 17 964 м2 құрайды. Үш қабатты ғимараттағы концерт залының сыйымдылығы – 2066 орын. Сонымен қатар, 190 орындық конференция залы бар. Мердігер «BI Global» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қала күніне орай пайдалануға тапсырғалы отыр.
Бүгін «Tulip Hall» ғимаратының ашылу салтанатында «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кеш салтанатты жиынға ұласпақ.