• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, орталықта заманауи үлгідегі кітапхананың ашылу салтанаты өтті.
Кітапхананың ашылу салтанатына Шымкент қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықбаева, Шымкент қаласы білім басқармасының қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімінің бас маманы Саят Исабеков және ардагер ұстаз Роза Байсариева қатысты.
— Қай кезде, қай заманда болмасын кітап құндылығын жоғалтпайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын.
Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.
Орталықта ашылған кітап сөресінде қазіргі таңда 1000-ға жуық кітап қоры жасақталып, Қазақстанның қорықтары мен ұлттық саябақтары бейнелеген заманауи үлгідегі карта ілінді. Кітапхана бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлғалар» , «Әлем әдебиеті», «Тарих тағлымы», «Ертегілер еліне саяхат», «Жаңа кітаптар галереясы», «Пайдалы кеңестер» және «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт (психологиялық кеңестер)» бөлімі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика