Бүгінгі таңда қала аумағындағы 1 262 гектарға саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары Тұран ауданында – 314, Әл-Фараби ауданында 280, Қаратау ауданында 228, Еңбекші ауданында 140, Абай ауданында 300 гектар егістік алқапта атқарылады.
Масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары маусым-қыркүйек аралығына жоспарланған. Биылдыққа үшінші рет 12 саябақта, 37 өзен-каналда, 45 гүлзар, аллеяда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет есебінен залалсыздандыру жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің, өзен-каналдардың аумағына тегін жүргізіледі. Ал, жеке тұрғынжайлар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері зиянкестерді залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына!!! Кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.
Кенеге, яғни энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілдерінде жасалады. Көктемде жалпы 152 мыңнан аса үй жануарына бүрку, тоғыту шаралары атқарылып, қора-жайлар мен саябақтар, гүлзарлар залалсыздандырылды. Қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, залалсыздандыруға бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер мен ранц аппараттары бар 6 бригада жұмылдырылды. Өңдеу шаралары тек малы бар үйлер мен қора-жайларға бюджет есебінен жүргізіледі.
Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй.
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22, 8707-414-68-96.