Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.
Атап өтсек, Әл-Фараби ауданының әкімшілік аумағында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында және тұрмысы төмен отбасылырдың мұқтаждықтарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Лаура Омарова, Әл-Фараби АПБ зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Назерке Төлеген, №3 арнаулы әлеуметтік дағдарыс орталығының заңгер маманы Г.Моминова және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Қазіргі дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары аз емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда атышулы қылмыстардан кейін қызу талқылана бастады, бұл елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартудың маңыздылығы туралы пікірталас тудырды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мынадай анықтама берілген: Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы екінші адамға (басқаларға) қатысты қасақана заңсыз әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі). , дене және (немесе) психикалық азап шегу қаупін тудыратын немесе ұстайтын;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын заң жобасы 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан парламентінде талқыланады. Қоғам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік танытуы керек.
Шара барысында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Тұрғындар қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алып, құқық бұзушылық орын алған жағдайда, полицияға жүгіну керектігі туралы ескертілді.