Шымкент қаласының оқушысы Сауленбек Амина Дарын орталығының 2023-2024 оқу жылында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 2 орынға ие болған болатын.
Ол — Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің 11 сынып оқиды. Республикалық байқауда бағы жанған Амина Индонезияда өткен халықаралық ғылыми жобаларына да қатысып, ол жақтан күміс алқаны жеңіп алды.
Осылайша шымкенттік білімді оқушы өзінің білім деңгейін халықаралық дәрежеде көрсетіп, ел мәртебесін көтеріп тастады.
Шымкенттіктер өз кезегінде Аминаға алдағы уақытта да осы оқу жылында өтілетін республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орынға ие болуына тілектестіктерін білдіреді.
Сапалы білім берудің негізі — мұғалімдердің әлеуетін үздіксіз арттыру екені белгілі. Осыған орай педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеруде. Биыл 142 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Негізгі назар ауыл педагогтеріне бағытталған. Олардың үлесі 70%-ды құрайды.
Бірінші басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында мыңға жуық балабақша меңгерушісі, мектеп және колледж директорлары ротацияланды.
Бүгінде мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру жыл басынан бері 80%-дан 93%-ға артты. Оның мақсаты — инновациялық әдістерді пайдалана отырып, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою.
Сонымен қатар, робот техникасы, STEM, химия, физика, биология пәндерінен 1000 заманауи кабинетті ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 958 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.
Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ел Президенті Республикалық педагогтар съезінде мектепті ең қауіпсіз орынға айналдыру қажеттігін атап өтті.