Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына барған Шымкент қалалық ҚХА мүшелері бүгін Астана қаласындағы «Назарбаев Университетінде» панельдік кездесуге қатысуда.
Делегация құрамындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері секциялық пікірталас алаңдарында сарапшыларды тыңдап, өзара пікір алмасуда.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік әрекет етеді. Өз кезігінде этно ұйымдар берекелі бірлікке бағытталған байсалды бастамаларды іске асыруға атсалысып, қолдау көрсетуде. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жүктелген міндеттерді іске асыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қайырымдылық іс-шараларын үйлестіру, этномедиацияны дамыту сынды бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс істеуде.
Айта кетейік, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы Елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтеді.
Жалпы Ассамблеяның негізгі міндеттері:
1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Бүгінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қанаты астында 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарса, оларда барлығы 14 ақсақалдар алқасы, 12 аналар мен іскер әйелдер бірлестіктері, 9 жастар қанаттары, 8 жексенбілік мектептер ашылған. Қалалық ассамблеяның қоғамдық құрылымдары санатында Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Медиация кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Жастар қозғалысы табысты қызмет атқарып келеді.