• Пт. Фев 21st, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 4 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Автор:admin

Фев 18, 2025
Spread the love

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен.
Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған.
Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтіп, сәби үйіне шығарылды.
Айта кетейік, бұған дейін оталарды жасау үшін науқас балалар Астана, Алматы қаласындағы республикалық орталықтарға жолдамамен жіберілетін. Бір жылдан бері Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық ота жасалды.
Тумасынан бүйрек ахауы бұзылған балалар босану үйінен бастап бақылауға алынып және ота күнін белгілеп, денсаулық көрсеткішіне қарай шұғыл ота жасалады. Отаның ерекшелігі — бүйректі қалпына келтіру болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика