• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІК ДИЗАЙНЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

Дизайнер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігіс тігудің қыр-сырын үйретуде. Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін меңгерген. Жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өткен қала тұрғыны былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.
Ж. Өскенбайқызы 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінде оқытушы болып қызмет еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда таныстары оған тігін тігуді үйретуін сұрап, сол арқылы бизнес-жоба қорғауға ниетті екенін айтқан. Жаңа бастаманы ол декреттік демалыста қолға алған.
— Сол кездегі шәкірттерім тігін бойынша грантқа өтінім беріп, комиссияда жобасын қорғады. Бүгінде өз кәсіптерін ашып, көлемді тапсырыстар алып отыр. Уақыт өте келе тігіншілік бет бұрған қыз-келіншектердің саны артты. Аядай ғимарат тарлық етіп, тігін құрылғылары да жеткіліксіз болды. Мен де бизнес-жобамды ұсынып, көпбалалы ана ретінде қайтарымсыз грантқа өтінім бердім. Комиссия бизнес-жобамды бірден мақұлдады. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғыларды, маникендер сатып алып, үлкен оқу орталығына айналдық, — дейді шебер.
Бүгінде кеңейтілген оқу орталығында келісім-шарт негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Дизаин» факультетінің студенттері өндірістік пәндер бойынша сабақ беруде. Болашақ мамандар конструкциялау, модельдеу бағыттарынан бөлек құрақ құрау, кесте тігу секілді ұлттық қолөнер түрлерін де үйретуде.
Әлеуметтік осал топтардың бинес-жобаларын жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант алу үшін үміткер өтінім бергеннен кейін арнайы құрылған комиссия алдында өз идеясын қорғауы тиіс. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика